RU

Түркияда 9 жастағы қазақстандық бала жол апатынан қаза тапты (видео)

Фото
Фото: facebook.com/groups/121181608213601

Түркияда 9 жастағы қазақстандық бала жол апатына түсіп, қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Төтенше жағдай 28 қыркүйекте Алания қаласында болды. Д-400 тас жолынан өтіп бара жатқан баланы көлік қағып кеткен. Бұл туралы Facebook қолданушысы Владимир Хотко "Түркия. Алания. Махмутлар. Жаңа өмірдің басталуы" тобында жария етті.

Yeni Alanya басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, соққының ауыр болғаны соншалық тоғыз жастағы қазақстандық бірнеше метрге ұшып кеткен. Кейін көлік жанармай құю бекетіне соғылған.

Оқиға орнына бірден жеткен медициналық бригада баланы ауруханаға жеткізген. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Көлік аптатына кінәлі ұсталып, тергеу басталған.

Куәгерлердің cөзінше, бала отбасымен келе жатып, жолдан өтіп үлгермеген.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі редакция тілшісіне оқыс оқиғаның болғанын растады.

"Көз жұмған баланың ата-анасы консулдыққа хабарласқан жоқ. Біздің мәліметтер бойынша олар ұлын Түркия аумағына жерлеген", - деді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877246-trkiada-9-zastagy-kazakstandyk-bala-zol-apatynan-kaza-tapty-video.html