Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да бір ай ішінде 29 мектеп оқушысынан коронавирус анықталды

Опубликовано:

мектеп карантин 123
Фото: Global Look Press / Владимир Мельников

Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылғы 1 қыркүйектен 1 қазанға дейін 29 мектеп оқушысы коронавирус жұқтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі COVID-19 вирусы анықталған балалардың 13-і кезекші сыныптарда, қалған 16-сы қашықтан оқитынын мәлім етті.

30 қыркүйектегі соңғы мәліметтер бойынша, 27 оқушының алтауы емделіп шығып, оқуды жалғастырған.

12 оқушыдан коронавирус инфекциясы күнде жүргізілетін таңертеңгі тексеру кезінде анықталған.

"Шығыс Қазақстан облысы аумағында коронавирус ошағына айналған мектептердегі кезекші сыныптарды қашықтан оқытуға ауыстыру туралы қаулы шығарылды. Қауіпті вирус анықталған барлық мектепте эпидемияға қарсы сантиариялық-дезинфекциялық шаралар жүргізілді", - делінген хабарламада.

Облыстық білім басқармасы өңірде 191 757 оқушы оқитын 647 мектеп бар екенін жариялады. Оның ішінде 37 078 бала оқитын 376 (58,0%) мектеп тұрақты режимде, 107 543 оқушысы бар 271 мектеп (42,0%) қашықтықтан жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, елорданың кезекші мектептерінен коронавирус дертін жұқтыру жағдайлары тіркелді.

Сонымен қатар, 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгина ауылындағы мектептердің бірінде кезекші сыныпта білім алып жүрген екінші сынып оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталғанын жазған едік.

Кейінірек, ШҚО-да тағы да вирус жұқтырған үш оқушы науқас тіркелді.

Одан бөлек, Солтүстік Қазақстанда да 12 оқушыдан коронавирус анықталды.

Сондай-ақ, Павлодар облысында 9 оқушының қауіпті дертті жұқтырғаны белгілі болды. Олардың төртеуі – мектепке барып жүрген балалар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877254-sko-da-bir-aj-isinde-29-mektep-okusysynan-koronavirus-anyktaldy/

pixel