RU

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: Бас прокуратура сот үкімін түсіндірді

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Жуырда Алматы гарнизонының әскери соты Жамбыл облысының Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан жеті адамға қатысты үкім шығарды. Үкімге еліміздің Бас прокуратурасы түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, Алматы гарнизонының сот үкімімен ұрлық және жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін Атанбаев, Тілеуғалиев, Нұраханов, Бұралқынов Бежібай, Дүйсенбаев және Ибрагимов 3 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Ведомство тергеу барысында Атанбаев пен оның сыбайластарына қатысты материалдар жеке іс жүргізуге бөлінгендігін түсіндірді. Өйткені олардың әрекеттері әскери соттың қарауына жатады.

Сонымен қатар, 21 шілдеде арнайы прокурорлар тағы 51 адамға қатысты тергеуді аяқтаған. Оларға Масаншы, Бұлар батыр және Аухатты ауылдарындағы тәртіпсіздіктер кезінде зорлық-зомбылық, кісі өлтіру, өртеу және ойран салу, арандатушылық жасап, билік өкілдерінің талаптарына бағынбады деген айып тағылған.

Қазір олардың бәрі қылмыстық іс материалдарымен танысуда. Содан соң оны сотқа жібереді.

Сондай-ақ, Бас прокуратура полицияға күш көрсеткен Воингуй ағайындыларының 1,5 жылға бас бостандығынан айырылғанын атап өтті.

Әкесі мен ұлы Юнху Құдашбаевтар отбасына қатысты жасаған бұзақылығы мен денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін әрқайсысы 2,5 жылға бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Ал Вейсер 54 "Молотов" коктейлін жасағаны және тасымалдағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетсек, Қордайдағы тәртіпсіздікке қатысқан жеті адамға сот үкімі шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қордай ауданында есірткі тасымалдағандардың қол түскенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877274-kordajdagy-zappaj-trtipsizdik-bas-prokuratura-sot-kimin-tsindirdi.html