RU

Алиментке қарызы бар Екібастұз тұрғыны 4 бөлмелі пәтерінен айырылып қалды

пәтер кілт1
Көрнекі фото: pixabay.com

Екібастұзда алиментке қарызы бар тұрғынының төрт бөлмелі пәтері электрондық аукцион арқылы сатылып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ еліміздің Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның айтуынша, 2016 жылы өз баласына алиментке 2,2 миллион теңге қарыз болып қалған.

Ер адамды жеке сот орындаушы бірнеше рет шақырып, жауапкершілік барын ескерткен. Алайда ол сот шешімін елемей, баласына көмек беруге асықпапты.

Сол себепті жеке сот орындаушы сотқа борышкердің жылжымайтын мүлігін өндіріп алу туралы өтінішпен жүгінген. Оның 4 бөлмелі пәтірен электронды сауда арқылы 4,6 млн теңгеге сатып, 2,2 миллионын аласына, қалғанын әкесінің өзіне берген.

Қазақстанда борышкердің мүлігін сату арқылы алимент төлеу тәжірибесі етек жайып келеді.

Мәселен, Нұр-Сұлтанда алиментке 2,3 млн теңге қарыз болып қалған ер адамның қымбат жол талғамайтын көлігі тәркіленген болатын.

Борышкер қымбат көлігін делдал арқылы сатып жіберген. Алайда сатып алған ер адам көліктің құжаттарын рәсімдеп үлгермеген. Енді полицйелер оның көлігін айып тұрағына қойып, жақын арада электронды сауда арқылы сатылымға шығарылмақ.

Сондай-ақ, Павлодарда бір жыл бойы үш баласына алимент төлемеген әйелге іздеу жарияланып, келіншек полиция бөлімшесіне жеткізілген еді. Енді ол жыл ішінде жиналған қарызын өтеуі керек.

Айта кетейік, Нұр-Cұлтанда күйеуі тастап кеткен 7 баланың анасы таксист болып жұмыс істеп жүргенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877288-alimentke-karyzy-bar-ekibastz-trgyny-4-blmeli-pterinen-ajyrylyp-kaldy.html