Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар адамзаттың пандемиядан кейін қалыпты өмірге орала алмайтынын айтуда

Опубликовано:

651629
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Мамандардың пікірінше, пандемиядан кейінгі өмір бұрынғыдай болмайды. Олар адамдарға қазіргі жағдайға қалыптасуға кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

CNN телеарнасы мәлім еткендей, психологтардың пікірінше, әлемде болып жатқан жағдайларды қабылдаудан бас тарту кері әсерін тигізуі мүмкін. Олар бұрынғы өмірге оралуға емес, болашаққа бет бұруға кеңес береді.

"Қалыпты өмірдің ауылы алыс емес" дейтін саясаткерлер өздерін немесе артынан ерушілерді алдауда", – дейді Веллесидегі Бэбсон колледжінің ақпараттық технологиялар және менеджмент профессоры Томас Давенпорт.

Ол апат немесе қайғылы жағдайды бастан өткерген адамдардың нәтижесінде бұрынғы өмірге оралатынын атап өтті. Алайда оның айтуынша, бұл жағдай пандемияға қатысты емес.

"Жақсы немесе жаман жағдайлар орын алғанда біз күшті эмоция аламыз. Кейіннен бастапқы қалыпқа қайта ораламыз", – дейді Калифорния университетінің психология саласындағы аға профессоры Соня Любомирски.

Оның айтуынша, адамның жадында кейбір әрекеттер сақталып қалып, кейіннен автоматты түрде іске қосылады. Пандемия кезінде пайда болған осындай әдеттердің бірі – жиі қол жуу.

Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік вирусолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Альштейн күзде иммунитетті қалай күшейту керегін айтып берген еді.

Сондай-ақ, бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш әлем бойынша коронавирус құрбандарының саны миллион адамнан асуы есеңгіретерлік жағдай екенін мәлімдеді.

Ол вакцинаға қол жеткізгенге дейін адамдарды қашықтықты сақтауға, бетперде тағып, қол жуып жүруге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877289-mamandar-adamzatty-pandemiadan-kejin-kalypty-mirge-orala-almajtynyn-ajtuda/

pixel