Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 216 мың зейнеткер бір реттік төлем алады

Опубликовано:

42500
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Қарттар күніне орай 216 700 зейнеткерге бір реттік төлем жасалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарттар күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 216,7 мың адамға бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл мақсатқа 2,3 миллиард теңге бөлінген", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылы зейнетақы төлемдерін қоспағанда, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі бағытына 32 миллиард 670 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылға дейінгі "Белсенді ұзақ өмір" ұлттық іс-қимыл жоспарын жасады. Ұлт жоспары аясында әр аймақта белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу жоспарланып отыр. 

"2020 жылы жергілікті бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 15,2 миллиард  теңгеден астам қаражат бөлінді", - делінген хабарламада.

Бұл қаражатқа Жеңіс күніне орай бір реттік материалдық көмек (7,6 млрд теңге), азық-түлік себеті (1 млрд. 481,1 млн. теңге), жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (174,2 млн теңге), тісті протездеу (142,7 млн. теңге), шипажайлық емделу (1 млрд. 362,3 млн. теңге), тұрғын үйді жөндеу (46,4 млн. теңге), отынмен қамтамасыз ету (136,1 млн. теңге), қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру (740,7 млн. теңге) сияқты қызмет көрсетілгені белгілі болды.

Еске сала кетейік, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қатаңдатылған карантин қайта енгізілсе, жұмыссыз қалғандарға берілетін төлем собасы көбейетінін хабарлаған еді.

Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, егер елде коронавирустың екінші толқыны болып, қатаңдатылған карантин енгізілсе, онда 2,2 миллион адам қиын жағдайға тап болуы мүмкін.

Ал жұмыс істейтін тұрғындардың тек жартысы ғана қалыпты режимін сақтай алады. Олардың қатарына ауыл шаруашылық, құрылыс, өндіріс және денсаулық сақтау саласында еңбек ететіндер жатады. Сондай-ақ 2,5 миллиондай адам қашықтықтан жұмыс істеуге көшеді.

Айта кетсек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында 42500 теңгені алуға құқы жоқ деп танылған тұрғындардың өтініші 1 желтоқсанға дейін қайта қаралатыны туралы ақпарат жарық көрді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877294-elimizde-216-my-zejnetker-bir-rettik-tlem-alady/

pixel