Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудныйда екі әйелдің денесін бөлшектеп тастаған ер адам өмір бойына сотталды

Опубликовано:

Түрме1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Рудныйдың екі тұрғынын бөлшектеп тастады деп айыпталған 39 жастағы Сергей Пахтусов өмір бойына бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Наша Газета" басылымына сілтеме жасап.

Үкім бүгін Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық сотында оқылған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы, 2 тармағы бойынша айыпты деп танылған. Сот процесі жабық режимде өткен.

"Сотталушы үйленген, оның кішкентай баласы бар, алайда ол Рудныйдың жас тұрғынымен кездескен. Байланысын жасыру үшін сотталушы қызды өзінің жалдамалы пәтерінде өлтірген. Ол қыздың мойнына терең пышақ жарақатын салған. Марқұмның әжесіне өзінің қайда екені жазылған SMS жіберіп үлгергенін көрген соң ол әжесінің пәтеріне барған.
Сонда ол дәл сондай соққымен әжесінің мойнына пышақ салып өлтірген. Кейінірек мәйіттерді ббөлшектеп, сөмкеге салып, өзінің балконында сақтаған. Сосын қалдықтарды Тобыл өзеніне батырып жібергісі келген", - деп түсіндірді үкімді судья Жанар Тілеубаева.

Судьяның сөзінше, кісі өлтіру мұқият жоспарланып, "еш шімірікпестен және сабырлылықпен" жасалған. Сотталушының бұған дейін қасақана кісі өлтіргенін ескере отырып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілген. Сотталушының кінәсін дәлелдеу - оның мойындауы мен іс бойынша алынған дәлелдемелеріне негізделген.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Үкім шығарылған күннен бастап 15 күн ішінде қайта шағым түсуріге болады.

Еске сала кетсек, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан әскери қызметкерлерге сот үкімі шықты. Олар 3 жылдан бастап 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877301-rudnyjda-eki-jeldi-denesin-blsektep-tastagan-er-adam-mir-bojyna-sottaldy/

pixel