Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде созылмалы ауруы бар мектеп оқушылары жаппай тізімге алынды

Опубликовано:

екпе1
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде мектеп оқушыларына жаппай екпе салу жұмысы жүріп жатыр. Созылмалы ауруы бар жасөспірімдер арнайы есепке алынды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, кавасаки белгілері анықталған балалар вакцина алмайды. Өңірде сирек кездесетін ауру белгілері анықталған жасөспірімдер әлі де дәрігерлердің бақылауында деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Кавасаки белгілері анықталған балалар вакцина алмайды. Олар ауырды, ковидті жеңді. Қажет емес деп ойлаймын. Кавасаки синдромы негізі ковидпен ауырған адамда шығады. Бірнеше дене мүшесін зақымдайды. Қан-тамырларына кері әсері бар. Бізге екі бала ауырды. Біреуі 14-те, екіншісі 4 жаста. Ем жүргізілді, антибиотик берілді. Қазір жағдайы бірқалыпты. Сауықтыру шарасы әлі де жүргізіледі.
Дәрігерлер бұл ауру туралы біледі. Емдеу жүргізуге дайын. Анықталса бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізіледі. Онда арнайы топ бар. Мамандардың бәрі тәжірибелі",- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Кожин.

Биыл өңірде 88 мың доза екпе алынған. Қазіргі уақытта 47 мыңнан аса арнайы топтағы адамдарға екпе салынды. Олардың қатарында жасы 60-тан асқан адамдар, созылмалы ауруға шылдыққандар мен жүкті әйелдер, балалар да бар.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірдегі екпе жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғасады.

"Мектеп-интернаттағы балалар да вакцина қабылдады. Созылмалы ауруы бар мектеп оқушылары да тізімге алынды. Қазіргі уақытта 8 506 балаға екпе алуы керек еді. Бізде 5303 бала вакцина алды.
Вакцинадан бас тартып жатқан адам жоқ. Вакцина ресейлік. Өте жақсы. Жарамдылық мерзімі бір жыл. Аллергиясы бар адамдарды алдын ала медициналық тексеруден өтіп алу керек. Оқушылар тегін ала алады",- дейді Қожин.

Тұмауға қарсы екпе үшін облыста биыл 68 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877313-aktbede-sozylmaly-auruy-bar-mektep-okusylary-zappaj-tizimge-alyndy/

pixel