RU

ШҚО әкімі перзентхананың жөндеу жұмыстарын дер кезінде бітірмеген мердігерді сотқа бермек

ахметов
Даниал Ахметов. Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов перзентхананың жөндеу жұмыстарын уақытылы бітірмеген мердіер компанияны сотқа бермек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Еуразия" бірінша арнасына сілтеме жасап.

Бір кездері Семейде үш перинаталды орталық болған. Оның біреуі жабылып, қаржыландыру қалған екеуіне бөлінген. Осы жылдың көктемінде перзентхана базасында уақытша аурухана құру туралы шешім қабылданды. Бұл режимде ол мамырдың соңына дейін жұмыс істеп, кейінірек күрделі жөндеуге берілген.

Нысан қазан айының соңында қолданысқа берілуі керек болған. Алайда бөлінген 780 млн теңгенің небәрі 32 миллионы ғана игерілген.

"Мұның бәрі маған түсініксіз себептермен, не күші, не мүмкіндігі жоқ, алдымен алып, сосын құрдымға кетіретін ұқыпсыз мердігерлердің кесірінен тоқтап тұр. Мұнда бір ғана жол бар - өкінішке орай, ол соттың тоқтатуы. Жаңа жылда біз мұны қолданысқа бермейтініміз түсінікті, бірақ бұл өзімен бүкіл тізбекті тартады", - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Құрылыс алаңында небәрі 50 адам жұмыс істеп жүр. Алайда мердігерлер жағдайдың толық бақылауда екенін және нысанның жақын арада берілетінін айтуда.

"Бүгінгі күні нысан барлық қажетті материалдармен жабдықталған. Лифтілік және барлық құрылғының ақысы төленген. Дайындаушы зауыттан тауардың келуін күтіп отырмыз. Шатырын бітіріп қойдық. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде", деді мердігер кәсіпорынның директорының орынбасары Әділ Сабырбаев.

Еске сала кетсек, кеше Алматыда аурухана салып жатқан құрылысшылардың екі айдан бері жалақы ала алмай отырғандарын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877317-sko-kimi-perzenthanany-zndeu-zmystaryn-der-kezinde-bitirmegen-merdigerdi-sotka-bermek.html