Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырғандардың басты қателігі белгілі болды

Опубликовано:

дәрігерлер үйде 1
Фото: ТАСС / Сергей Савостьянов

Коронавирус инфекциясының ауыр түріне шалдыққандардың басты қателігі өзін-өзі емдеумен айналысуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы ресейлік Н. Ф. Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының жасырын инфекциялар микробиология бөлімінің меңгерушісі Виктор Зуев мәлім етті.

"Егер денсаулығыңыз нашарлап, емханаға бара алмасаңыз, дәрігерді үйге шақырыңыз. Ешқашан өз бетіңізбен емделмеңіз. Бұл науқастардың ең үлкен қателігі", – деді Зуев.

Сонымен қатар, Ресей ғылыми-зерттеу орталығының профессоры Анатолий Альштейн коронавирус инфекциясынан үйде емделуге болатынын жеткізді.

"Коронавирус инфекциясының көптеген жағдайларында үйде оқшауланып, сәйкес дәрі-дәрмектермен емделген дұрыс. Ал вирустың ауыр түріне шалдыққанда ауруханаға бару қажет", – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы тәулік ішінде тағы 71 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Статистика Шығыс Қазақстан облысы аурудың күн санап көбеюі бойынша көшбасшы болып қалатынын көрсетеді. Қыркүйектің соңғы күнінде аймақта коронавирустың 16 жаңа жағдайы расталған.

Жалпы республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 107 979 адамға жетіп отыр.

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 179 жағдайы тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877325-koronavirus-zktyrgandardy-basty-kateligi-belgili-boldy/

pixel