Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таулы Қарабақта француз журналистері зардап шекті

Опубликовано:

165123
Фото: Армения қорғаныс министрлігі

Таулы Қарабақта бомбылау кезінде франциялық "Le Monde" басылымының екі журналисі зарпап шекті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы Арменияның бірыңғай ақпарат орталығы мәлім етті.

Оқиға Мартуни қаласына жақын маңда орын алған. Зардап жеккен БАҚ өкілдері ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілгенін жазған едік.

Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елдімекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар болды. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын, ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Арменияның Ресейдегі елшісі Түркияның әскери әрекетке дайындалып жатқан әскерлерін Сириядан Таулы Қарабаққа ауыстырғанын айтты.

Бұған дейін Әзірбайжан тарапының бастамасымен Қазақстанның парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Әзірбайжан Республикасы ұлттық мәжілісінің төрайымы Сахиба Гафарова телефон арқылы сөйлескен болатын.

Тараптар Таулы Қарабақтағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты жағдайды талқылады.

Сонымен қатар, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Әзірбайжан мен Армения халықтарына "мағынасыз қантөгісті тоқтатуға" үндеу тастаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1877351-tauly-karabakta-francuz-zurnalisteri-zardap-sekti/

pixel