RU

Алексей Цой Қазақстанда карантин қатаңдатылуы мүмкін екенін айтты

блок бекет 1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда карантиннің қатаңдатылуы мүмкін екенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ОКҚ өткен онлайн-брифинте журналистер ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін карантин қатаңдатыла ма әлде жеңілдетіле ме деген сауал қойды.

"Аталған кезеңде жеңілдеу болмайды. Мен айтқан рейстер мен шекарадан өтуге қатысты жеке шаралар көрсетіледі", - деді министрлік басшысы.

Алексей Цойдың сөзінше, ол карантиннің қатаңдатылуы - қазақстандықтардың санитарлық нормаларды сақтауына байланысты екенін бірнеше рет айтқан.

Министр коронавирустың екінші толқыны болу мүмкіндігіне байланысты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Яғни COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер қорын қалыптастырып, өкпені жасанды желдету аппараттары мен құрылғылар сатып алынуда. Сонымен бірге, елдегі медициналық мекемелерде төсек-орындар дайындалып жатыр.

"Кепілдік беру қиын. Біз бірінші карантиннен шыққан кезден сабақ алып, қорытынды шығаруымыз керек. Барлығы әрбір адамның қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік қашықтықты қаншалықты сақтайтынына байланысты", - деді Цой.

Еске сала кетсек, Алексей Цой 5 қазаннан бастап елімізде шектеу шаралары енізілетінін хабарлады.

Оның сөзінше, елде эпидемиолоиялық жағдай тұрақты. Алайда шетелде коронавирус жұқтырғандар санының артуы қауіп тудырады.

Сонымен біре ол пандемия басталғалы бері 182 медицина қызметкерінің қайтыс болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877361-aleksej-coj-kazakstanda-karantin-katadatyluy-mmkin-ekenin-ajtty.html