RU

Назарбаев ҚазҰАУ ректорымен кездесті

Назарбаев
Фото: elbasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Тілектес Есполовты қабылдады деп хабарлайды Kaz.nur.kz порталы Elbasy.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев университеттің отандық аграрлық сектор үшін жоғары білікті мамандар даярлау бойынша жүргізіп жатқан жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті инновациялық технологияларды енгізу және аграрлық ғылымды дамыту мәселесіне тоқталды. Осы орайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған отандық ғылым саласын қолдау мен дамытудың жаңа тәсілдерін енгізудің өзектілігі атап өтілді.

"Өскелең ұрпақтың тәрбиесі жеке тұлғаның адамгершілік және азаматтық жауапкершілігін дамытуға бағытталған. Бұл үдерісте толеранттылық, ұлтаралық келісім, патриотизм, заңға бағынушылық және еңбекқорлық негізгі бағыт болуы керек", – деді Елбасы.

Кездесуде Тілектес Есполов Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі берілгені жөнінде мәлімдеді.

Еске салсақ, 28 қыркүйек Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барған болатын.

Сапар барысында Елбасы Түркістан қаласын одан әрі дамыту жоспарларымен танысты. Назарбаев туристік және қала инфрақұрылымы құрылысының жоғары қарқынын атап өтті.

Оған қоса, Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877372-nazarbaev-kazau-rektorymen-kezdesti.html