Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк төрағасы Тоқаевқа есеп берді

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады деп хабарлайды Kaz.nur.kz порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына биылғы 9 ай ішіндегі ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындылары, Ұлттық Банктегі алтынвалюта резервтерінің жай-күйі және Ұлттық қордың активтері туралы баяндалды.

Президентке Ұлттық Банктің қаражаты есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы бастамалардың орындалу барысы жөнінде мәлімет берілді.

Ерболат Досаев 2020 жылдың соңына дейінгі және 2021 жылға арналған Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты болжамын ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы елдің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салсақ, "Ақорда" резиденциясында бірқатар шет мемлекеттің жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Оған қоса, мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовті қабылдады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының екі орынбасарын тағайындады.

Айта кеткен жөн, Тоқаев Қазақстанның БҰҰ-дағы жаңа өкілін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Мағжан Ілиясов жоғары лауазымға ие болды. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін Қайрат Ермекұлы атқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877375-lttyk-bank-tragasy-tokaevka-esep-berdi/

pixel