RU

"Салық төлеуді ұмытып кеткен" әкімдердің тізімі желіде жарияланды

Ноут1
Көрнекі фото: piqsels.com

Telegram-да мүлік пен жерге "салық төлеуді ұмытып кеткен" қазақстандық әкімдердің тізімі жарияланды. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі пайда болған ақпаратқа түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үш әкімнен тұратын тізім PROTENGE Telegram арнасында жарияланды.

Хабарламада Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің "жер мен мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеуді ұмытқаны" көрсетілген.

Әкімдер1
Мұрат Әйтенов, Бердібек Сапарбаев, Өмірзақ Шөкеев. Фото: instagram.com/murat__aitenov, instagram.com/saparbayev_bm, instagram.com/turkistan_oblysy

Атап айтқанда, Мұрат Әйтеновтің 39 194 теңге, Бердібек Сапарбаевтың 5 950 теңге, ал Өмірзақ Шөкеевтің 33 935 теңге қарыз екендігі жазылған.

Бұл ақпаратқа Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді.

"Техникалық қате болған жоқ. Олар салықты кеше, яғни төлеу мерзімінің соңғы күні төледі. Ақша дереу жеке шоттарға есептелді. Салық кодексінің 532-бабына сәйкес 2019 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 қазанынан кешіктірілмейді. Сәйкесінше салықтар уақытында төленді", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қазақстанда салық төлеуден жалтарғаны үшін азаматтарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған ба деген сұраққа жауап іздеп көрген едік.

Айта кеткен жөн, бұған дейін отандық сарапшы вирус салдарынан елде кедейлер саны 2 млн-нан асатынын айтқан болатын.

Одан бөлек, сарапшылар ресейлік валюта бағамының құлдырауы теңгеге қалай әсер ететінін болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877384-salyk-tleudi-mytyp-ketken-kimderdi-tizimi-zelide-zarialandy.html