RU

Шымкенттегі үш баланың уланып өлуі: Айыпталушыға сот үкім шығарды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шымкентте үш кішкентай баланың улануына қатысты сот процесі аяқталды. Екі бүлдіршін 2019 жылдың қарашасында, ал бір қыз 2020 жылдың ақпанында қайтыс болған. Балапандардың өліміне дезинсектор кінәлі деп танылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот отырысы онлайн-форматта өткен. Айыпталушы үкімді уақытша ұстау изоляторында отырып естіген деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Сот сотталушы көршілерінің пәтерлерінде жәндіктерді химикатпен улау нәтижесінде балалар қайтыс болғаны дәлелденді деп есептеген. Ер адам абайсызда кісі өлтіргені үшін айыпты деп танылып, алдағы бес жылын қауіпсіздігі төмен колонияда өткізеді. Сондай-ақ, ол қайтыс болған балалардың ата-анасына 5 млн теңеден төлеуге міндетті.

Соттың түсіндіруінше,ауырлататын жағдайлар болмағандықтан, ер адам ең төменгі мерзімге сотталған. Оның кішкентай баласы бар екені ескерілген. Одан бөлек, ақпан айында қайтыс болған 8 айлық қыздың отбасы айыпталушыны кешірген.

Сотталушы өз кінәсін мойындамаған. Ал оның әйелі үкімге қарсы шағым түсірмек.

"Олар уланған жоқ қой. Онда олардың көршілері қалай уланған? Марқұмдардың ағзасынан химиялық заттар табылмаған", - деді сотталушының әйелі.

Қайтыс болған балалардың ата-аналары сот үкіміне қанағаттанған, алайда пікір білдіруден бас тартты.

Еске сала кетсек, кеше Рудныйда екі әйелдің денесін бөлшектеп тастаған 39 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.

Сондай-ақ, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан әскери қызметкерлерге сот үкімі шықты. Олар 3 жылдан бастап 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877392-symkenttegi-s-balany-ulanyp-lui-ajyptalusyga-sot-kim-sygardy.html