Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы "Борат 2" фильмінің трейлері жарияланды (видео)

Опубликовано:

ьорати
"Борат 2" фильмінің трейлерінен кадр: Amazon Prime Video YouTube арнасы

Ойдан шығарылған қазақстандық журналист Борат туралы екінші фильмнің трейлері пайда болды. Мәдениет министрлігі бұл киноның Қазақстанда көрсетілуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Трейлер YouTube желісіндегі Amazon Prime Video арнасында пайда болды. Картинаның премьерасында осы арнада өткізу жоспарланып отыр. Көрермендер атышулы комедияның екінші бөлімін 23 қазаннан бастап тамашалай алады.

Жарияланған видеоның кадрларына сәйкес, Бораттың рөлін сомдайтын Саша Барон Коэн АҚШ-қа сайлау алдында "құпия миссиямен" келеді.

Басты кейіпкердің басынан бірнеше келеңсіз жайттар өтеді. Сонымен бірге, фильмде коронавирус пандемиясына да тоқталған.

Комедияның 2006 жылы шыққан бірінші бөлімін Қазақстанда көрсетуге тыйым салынған болатын. Осы ретте Liter.kz басылымы Мәдениет және спорт министрлігіне жүгініп, "Бораттың" екінші бөлімін де көрсетуге тыйым салына ма деген сауал қойған.

"Егер фильм тек интернетте көрсетілсе, онда біз ешнәрсе істей алмаймыз. Өйткені, министрлік мұны реттемейді. Біз тек кинотеатрларда көрсетуге тыйым сала аламыз. Ал егер телеарнаға қатысты болса, онда бұл сауал ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қойылады", - деді ведомство.

Бұған дейін атышулы "Борат" фильмінің жалғасы туралы тың ақпарат жария болғанын хабарлағанбыз.

АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына сенсек, сиквелде АҚШ-тың бірнеше белді шенеуніктері бой көрсетеді. Олардың арасында АҚШ вице-преизденті Майк Пенс, Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Руди Джулиани және өзгелер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877398-atysuly-borat-2-filmini-trejleri-zarialandy-video/

pixel