Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы қанша адам коронавирус жұқтырып үлгерді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Тәулік ішінде Қазақстанда тағы 65 тұрғын коронавирус індетін жұқтырған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Сoronavirus2020 ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде коронавирус дертінің таралуына қатысты жаңартылған деректер жария болды. Нәтижесінде коронавирус бойынша 1 қазан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай келесідей екені анықталған:

Елімізде өткен тәулікте 65 адамда коронавирус дерті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 2

Алматы қаласы - 4

Ақмола облысы - 2

Ақтөбе облысы - 2

Алматы облысы - 5

Атырау облысы - 3

Шығыс Қазақстан облысы - 18

Жамбыл облысы - 2

Батыс Қазақстан облысы - 2

Қарағанды облысы - 6

Қостанай облысы - 2

Қызылорда облысы - 1

Павлодар облысы - 6

Солтүстік Қазақстан облысы - 10

Ал жалпы ел бойынша ауырғандардың саны 108044 адамды құрап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін мамандар адамзаттың пандемиядан кейін қалыпты өмірге орала алмайтынын айтқан болатын. CNN телеарнасы мәлім еткендей, психологтардың пікірінше, әлемде болып жатқан жағдайларды қабылдаудан бас тарту кері әсерін тигізуі мүмкін. Олар бұрынғы өмірге оралуға емес, болашаққа бет бұруға кеңес береді.

Одан бөлек, Алексей Цой Қазақстанда карантин қатаңдатылуы мүмкін екенін айтқан еді. Министр коронавирустың екінші толқыны болу мүмкіндігіне байланысты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877407-kazakstanda-tagy-kansa-adam-koronavirus-indetin-zktyryp-lgerdi/

pixel