RU

73 оқушы вирус жұқтырды: Келесі айда жағдайға байланысты шешім қабылданады

қашықтықтан оқу1
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қашықтан сабақ оқып жатқан 73 баланың коронавирус жұқтырғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ажар Ғинияттың айтуынша, кезекші сыныптарға барған 36 бала коронавирус жұқтырған. Олармен байланыста болған 575 оқушы анықталды. Олардың ішінде тағы 10 баладан вирус табылған.

"Балалар арасында инфекция симптомсыз немесе жеңіл жағдайда өтіп жатыр. Бес бала ғана стационарға жатқызылды", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ол бір сыныптан коронавирус шықса, барлық сынып карантинге жабылатынын атап өтті.

"Бірінші тоқсанның аяқталуына бір ай қалды. Балалар бірінші тоқсанды бітірсін деп отырмыз. Содан кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешім қабылданады", - деді Ғиният.

Вице-министр қашықтан білім алып жатқан 73 бала коронавирус жұқтырғанын да атап өтті. Олармен байланыста болған 242 адамның 15-і індетке шалдыққан.

Еске сала кетейік, кеше денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 5 қазаннан бастап Қазақстанда шектеулер енгізілетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, министр карантин қатаңдатылуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, ол карантиннің қатаңдатылуы - қазақстандықтардың санитарлық нормаларды сақтауына байланысты екенін бірнеше рет айтқан.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері 182 медицина қызметкері қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877415-73-okusy-koronavirus-zktyrdy-kelesi-ajda-zagdajga-bajlanysty-sesim-kabyldanady.html