RU

Головкиннің промоутері коронавирус жұқтырды

Эдди Хирн
Фото: thesun.co.uk

Қазақстандық боксшы Генадий Головкиннің со-промоутері Эдди Хирннің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хирн 4 қазан күні Ұлыбританияның Милтон-Кинста қаласында өтетін Джошуа Буатси (12-0, 10 КО) мен Марко Чалич (11-0, 6 КО) жекпе-жегінің баспасөз конференциясы басталмас бұрын коронавирусқа тест тапсырған.

Тест нәтижесі белгілі болғаннан кейін. промоутер бірден үйіне жіберілді. Ол біраз уақыт оқшаулауда болады.

Айта кетсек, 38 жастағы қазақстандық Генадий Головкин 21 қарашада шаршы алаңға оралып, польшалық Камил Шереметамен жекпе-жек өткізуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, тәулік ішінде Қазақстанда тағы 65 тұрғын коронавирус індетін жұқтырған. Ал жалпы ел бойынша ауырғандардың саны 108044 адамды құрап отыр.

Бұған дейін мамандар адамзаттың пандемиядан кейін қалыпты өмірге орала алмайтынын айтқан болатын. CNN телеарнасы мәлім еткендей, психологтардың пікірінше, әлемде болып жатқан жағдайларды қабылдаудан бас тарту кері әсерін тигізуі мүмкін. Олар бұрынғы өмірге оралуға емес, болашаққа бет бұруға кеңес береді.

Одан бөлек, Алексей Цой Қазақстанда карантин қатаңдатылуы мүмкін екенін айтқан еді. Министр коронавирустың екінші толқыны болу мүмкіндігіне байланысты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877416-golovkinni-promouteri-koronavirus-zktyrdy.html