RU

Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

аурухана1
Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен тәулікте коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 5 қазақстандық қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Кеше инфекция белгілері бар пневмонияның 234 жағдайы тіркеліп, тағы 95 адам емделіп шыққан.

Сондай-ақ, пневмониядан екі адам, ал коронавирус инфекциясынан 3 адам қайтыс болған.

Ал 1 тамыздан бастап ауырғандардың жалпы саны 33 212-ге жетті. Сонымен біре 357 адам індет құрбанына айналып, тағы 27 337 науқас ауруынан айыққан.

Елімізде соңғы деректер бойынша 65 адамнан коронавирус анықталып, ауру жұқтырғандардың жалпы саны 108 044-ке жетті.

Айта кетсек, Қазақстанда 73 оқушыға коронавирус диагнозы қойылған. Мұндай деректі денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтып берді.

Ол бір сыныптан коронавирус шықса, барлық сынып карантинге жабылатынын атап өтті.

"Бірінші тоқсанның аяқталуына бір ай қалды. Балалар бірінші тоқсанды бітірсін деп отырмыз. Содан кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешім қабылданады", - деді Ғиният.

Еске сала кетейік, кеше денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 5 қазаннан бастап Қазақстанда шектеулер енгізілетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, министр карантин қатаңдатылуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, ол карантиннің қатаңдатылуы - қазақстандықтардың санитарлық нормаларды сақтауына байланысты екенін бірнеше рет айтқан.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері 182 медицина қызметкері қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877422-elimizde-bir-tulikte-5-adam-koronavirus-pen-pnevmoniadan-kajtys-boldy.html