RU

Елімізде құстардан бөлек жылқылар қырылып жатыр (видео)

Жылқы
Фото: pixabay.com

Қызылорда тұрғындары Жаңақорғанда белгісіз дерттен 200 жылқы қырылып қалғанын айтып, дабыл қақты. Облыстық ветеринарлар болса, Жаңақорған ауданындағы 4 ауылда індет тіркелгенін растап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жылқышылардың сөзіне сенсек, "жұмбақ індет" тамыз айында басталып, мал бір апта бойына жем-шөпке қарай алмаған күйге түскен.

Мал дәрігерлерінің екпесінен де еш нәтиже болмағандықтан, Байкенже ауылында 200 жылқы қырылып қалды дейді шаруалар.

"Ауыл бойынша екі жүздей мал шығын болды ғой. Көршілес ауылдар да бар. Бұл енді жылда анда-санда болып тұратын бірақ ешқандай ем-дом әсер етіп жатқан жоқ әлі", - дейді Байкенже ауылының тұрғыны Қанатбек Кенбай.

Өңірдегі жылқыларға "паразиталды гастроифлез" кеселі жабысыпты.

"Укол салдық, бәрі өліп қалды дейді. Біреуі жазылды деген мен осы ауылда көрген жоқпын, естіген жоқпын. Біз мал дәрігерлерге айтқан кезімізде тұмсығына жылқының құрт түсті, басын кесіп берейік тексересіңдер ма дедік. Әлемде болып жатқан нәрсе, жылда ауыратын нәрсе деді", - дейді өзге тұрғын Ғалымжан Дайрабаев.

Ауылдағы мал дәрігерлерінің сөздерін облыстық ветеринарлар да растап отыр. Аталмыш індет Жаңақорған ауданындағы 4 ауылдан тіркеліпті.

"Бас сүйегінен және миынан, танауынан, кеңсірігінен осы құрттардың бәрі толып кеткендігі көрсетілген. Аса қауіпті аурулардың тізбесіне гастрофилез паразитарлық ауруы енбегеннен кейін бұған өтемақы беруге жатпайды", - дейді Қызылорда облысы Ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Жаңақорған ауданы бойынша нақты 29 бас мал өлгені анықталған. Дегенмен бұл сандар әлі нақтыланатыны алға тартылуда.

"200 бас өлді, 500 бас өлді деп әркім айта береді ғой енді. Ал ол жерде акт жасалады, ветеринарный, санитарный инспектор бар. Ресми түрде қолымызға келген мәліметті айта аламыз", - дейді Қызылорда облысы Ветеринария басқармасының басшысы.

Ол ем-дом жасау әр шаруаның өз мойнына жүктелгенін, дәрілер қолжетімді екенін алға тартып, тұрғындарғы дәрі сатып алып, екпе жасауға кеңес берді.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанның алты облысында құс тұмауына байланысты карантин енгізілгенін жазған едік.

Одан бөлек, Қазақстанда Кавасакиге ұқсас синдромнан екі бала қайтыс болғанын жазған болатынбыз

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877424-elimizde-kstardan-blek-zylkylar-kyrylyp-zatyr-video.html