RU

Танымал блогердің күйеуі оны тікелей эфирде жағып жіберген

Блогер қыз
Фото: The Sun

Қытайлық Ламу есімді танымал блогер бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты. Белгілі болғандай, ер адам оның үстіне бензин құйып, өртеп жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Анықталғандай, блогер әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізіп отырған жерінде көз жұмыпты.

Ламу денесінің 90%-ы күйіп кеткен. Шабуылдан кейін екі апта өткен соң әйел қайтыс болды. Цзиньчуань округінің қоғамдық қауіпсіздік бюросы жасаған мәлімдемесінде 14 қыркүйектегі шабуылдан кейін оны жергілікті ауруханаға жеткізіп, одан әрі емдеу үшін Сычуань провинциясының халықтық ауруханасына ауыстырғаны айтылды.

Отбасы оның оқырмандарынан қаржылай көмек сұрауға мәжбүр болды. Газеттің мәліметінше, 24 сағат ішінде миллион юаньнан астам (63 миллион теңгеден астам) қаражат жиналған.

Полиция Ламудың бұрынғы күйеуі 14 қыркүйек күні "қасақана кісі өлтірді" деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Тергеу жалғасуда.

30 жастағы әйел ауылдағы өмірді насихаттау арқылы танымал болған еді.

Оның өлімі Weibo қытайлық желісінде әйелдердің қауіпсіздігі туралы қызу пікірталас тудырды.

Естеріңізге сала кетейік, тікелей эфирде жүргізушінің төсін түсірген оператор елді күлкіге қарық қылған еді.

Сондай-ақ, күйеу жігіт көзіне шөп салған қалыңдығынан ерекше түрде кек алғаны туралы жазған болатынбыз.

Белгілі болғандай, ол сүйіктісінің үйдегі барлық заттарын жинап, көшеге лақтырып жіберген. Күйеу жігіттің әпкесі шашылған киім-кешекті видеоға түсіріп, өз TikTok парақшасында жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877430-tanymal-blogerdi-kjeui-ony-tikelej-efirde-zagyp-zibergen.html