Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық отбасы өрт кесірінен баспанасыз қалып, коронавирус жұқтырып алды

Опубликовано:

Грэм отбасы
Фото: Q13 FOX

АҚШ-та көпбалалы отбасы ормандағы өрт салдарынан үйінен айырылып, коронавирус жұқтырып алды. Олардың тест сынамалары оң нәтиже көрсеткен. Жанұя мүшелері қауіпті инфекцияны туысқандарынан жұқтырып алуы мүмкін деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Олар коронавирусты баспанасыз қалған кезде туыстарының үйінде тұрып жатқан уақытта жұқтырып алса керек. Бұл болжамды отағасы Мэтью Грэм Q13 FOX арнасына берген сұхбаты барысында айтты.

"Үйіміз өртеніп кетпей тұрып, біз сақтық шараларын қатаң сақтанып жүрдік. Топпен жиналмай, балаларды бәрінен алыста әрі үнемі маска тағуды талап ететінбіз" , - деді Мэтью Грэм.

Оның жары Джессика Грэмның пайымдауынша, орын алған оқиғаға байланысты отбасы қолдауға зәру болғандықтан, олар коронавирусқа қатысты сақтығын бәсеңдетіп алды.

Абырой болғанда ерлі-зайыптылардың бес баласында да қауіпті инфекцияның жеңіл белгілері болды. Алайда, олардың өздері коронавирус кесірінен қатты зардап шекті.

"Мен өзімді әлі де нашар сезінудемін. Бірақ, мен күні бойы отыра аламын. Бұл деген жақсы өзгеріс. Себебі, бұған дейін мен басымды тік ұстап отыра алмайтынмын. Себбеі, қатты арықтап кеттім" , - деді отағасы.

Қазіргі таңда, жанұя қонақүйде карантинде жатыр.

Отбасы бұл сынақ барысында өмірде орын алған қиындықтардың барлығы тек уақытша құбылыс екенін ойға түйді.

"Бұл жадымызда қалар жыл болары анық. Бәріміз анағұрлым мықтырақ боламыз" , - дед Мэтью Грэм.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877438-amerikalyk-otbasy-rt-kesirinen-baspanasyz-kalyp-koronavirus-zktyryp-aldy/

pixel