Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дональд Трамп коронавирусқа тест тапсырды

Опубликовано:

АҚШ
Фото: shnyagi.net

АҚШ президенті Дональд Трамп кеңесшісі Хоуп Хикстің сырқатынан кейін коронавирусты анықтайтын тест тапсырып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Ия, оның коронавирусқа тапсырға тесті оң нәтиже көрсетті, мен оны енді білдім. Ол көп жұмыс істейді және үнемі маска тағып жүреді", - деді Трамп Fox News-тің Хикс туралы сұрақтарына жауап бере отырып.

"Мен қазір ғана тест тапсырдым"- деді Трамп. Оның сөзінше, Мелания Трамп та тесттен өткен.

Карантиннен не өтерімізді, не өтпесімізді білмеймін" - деді Трамп.

Естеріңізге сала кетейік, америкалықтар дебат басталмай тұрып Дональд Трампты жеңіспен құттықтап қойған "Қазақстан үкіметіне" таң болды. Кейін бұл құттықтауды шын мәнінде Қазақстан үкіметі емес, "Борат" фильмінің актері жолдағаны анықталған.

Айта кетейік, Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында коронавирусты "қытайлық вирус" деп атаған еді.

Ол уақытының бір бөлігін Қытайға шабуыл жасау үшін пайдаланып, коронавирусты "қытайлық вирус" деп атады және БҰҰ-ны пандемия үшін Пекинді жауапқа тартуға шақырды. Ол Пекинді "ұшақтардың Қытайдан ұшуына жол беріп, әлемге жұқтырды" және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "іс жүзінде бақылауда ұстады" деп айыптады.

Оған қоса, Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-сессиясы барысында ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877439-donald-tramp-koronaviruska-test-tapsyrdy/

pixel