Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда Қызыл кітапқа енген қызыл қазды заңсыз ату фактісі анықталды

Опубликовано:

Браконьерді ұстаған сәт
Фото: Polisia.kz

Қостанай полицейлері жүргізген кезекті рейд нәтижесінде Қызыл кітапқа енген қызыл қазды заңсыз ату фактісін анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері күзгі аң аулау кезеңінде табиғатты қорғау заңнамасын сақтау, сондай-ақ браконьерлік фактілерін анықтау бойынша тұрақты негізде рейдтер жүргізеді.

Кезекті рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Қамысты ауданының аумағында облыстың екі тұрғынын тексеру кезінде Қызылтұмсық қаз және мылтықтар мен патрондарды тапты.

Ер адамдар ауданның аңшылық шаруашылығының бірінің жанында аң аулағаны анықталды. Полиция оларды байқаған кезде аңшылар тобы аң аулайтын траншеяларда болды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан рһРеспубликасының Қылмыстық кодексінің 337-бабының 2-тармағы 4-бөлігі (Жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты заңсыз аң аулау) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Осы фактінің барлық жағдайларын анықтау үшін сот-баллистикалық сараптама, сондай-ақ құстың кешенді сот-сараптамалық биологиялық зерттеуі тағайындалды.

Биыл бұл “қызыл қазды” заңсыз атудың алғашқы фактісі.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында да ірі қылмыс әшкереленген болатын. Полицейлер есірткі сатқан қылмыстық топтың 9 мүшесі қолға түсірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877447-kostanajda-kyzyl-kitapka-engen-kyzyl-kazdy-zasyz-atu-faktisi-anyktaldy/

pixel