Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дональд Трамп коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

АҚШ
Фото: shnyagi.net

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп коронавирус инфекциясын жұқтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Оның сөзінше, өзі және жары Мелания да коронавирус инфекциясын жұқтырған.

"Карантинде оқшауланамыз және бірден емделу процесін бастаймыз. Біз бұдан да бірге өтеміз", - деді АҚШ президенті.

Бұған дейін Дональд Трамптың кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін АҚШ басшысы карантинге жатқызылған. Ол коронавирус сынамасының нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген еді.

"Үзіліссіз көп жұмыс істеген Хоуп Хикстен коронавирус расталды. Қорқынышты! Біз бірінші ханыммен бірге тест нәтижелерін күтіп отырмыз. Осы уақытта біз карантин процесін бастаймыз!" - деді Трамп.

Естеріңізге сала кетейік, америкалықтар дебат басталмай тұрып Дональд Трампты жеңіспен құттықтап қойған "Қазақстан үкіметіне" таң болды. Кейін бұл құттықтауды шын мәнінде Қазақстан үкіметі емес, "Борат" фильмінің актері жолдағаны анықталған.

Айта кетейік, Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында коронавирусты "қытайлық вирус" деп атаған еді.

Ол уақытының бір бөлігін Қытайға шабуыл жасау үшін пайдаланып, коронавирусты "қытайлық вирус" деп атады және БҰҰ-ны пандемия үшін Пекинді жауапқа тартуға шақырды. Ол Пекинді "ұшақтардың Қытайдан ұшуына жол беріп, әлемге жұқтырды" және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "іс жүзінде бақылауда ұстады" деп айыптады.

Оған қоса, Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-сессиясы барысында ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1877450-donald-tramp-koronavirus-zktyrdy/

pixel