Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қапшағайда ер адамды қағып өлтірген прокуратура жүргізушісі сотталды

Опубликовано:

түрме 123
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы облысында адамды қағып өлтірген көлік жүргізушісіне сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Азамат А.Дәркембаевтің ісі Қапшағай қалалық сотында қаралды.

Сотта айыпталушы кінәсін толықтай мойындады, азаматтық талапты ішінара мойындады, сондай-ақ, өзін қатаң жазаламауды сұрады.

Мемлекеттік айыптаушы соттан 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Іс бойынша жәбірленушілер соттан азаматтық іс-әрекетті толық қанағаттандыра отырып, бас бостандығынан айырудың максималды жазасын тағайындауды сұрады.

"345-баптың 3-бөлігінің санкциясы 5 жылға бас бостандығынан айыруды көздейді. Алайда, қылмыстық заңнама нормаларының талаптарына байланысты, жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, орташа ауырлықтағы қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның негізгі түрінің мөлшері ең жоғарғы жазаның жартысынан аспауы керек. Сот іс бойынша жиналған дәлелдемелерді, сондай-ақ жеңілдететін мән-жайларды (кінәсін ашық мойындау, бұған дейін сотты болмауы, кішкентай баласының болуы) және қылмыстық жауаптылық пен жазамен ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп, бағалай отырып, А.Дәркембаевты кінәлі деп танып, оны 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген сот хабарламасында.

Жәбірленушінің пайдасына сотталушыдан моральдық зиян үшін өтемақы ретінде 1 000 000 теңге өндірілді.

Жол апаты ағымдағы жылдың жазында болды. Қайғылы оқиға бақылау камераларына түсіп қалды. Оның кадрларынан қараңғыда көліктің жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынғанын көруге болады. Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

Оның жасы 23-те еді. Жол апатына кінәлі - қалалық прокуратураның жүргізушісі болып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда мас жүргізуші бойжеткенді қағып кетті. Ол қансыраған бойжеткенге дереу көмек көрсетудің орнына, бірден ізін суытқан еді.

Айта кетейік, Рудныйда екі әйелдің денесін бөлшектеп тастаған ер адам өмір бойына сотталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877458-kapsagajda-er-adamdy-kagyp-ltirgen-prokuratura-zrgizusisi-sottaldy/

pixel