RU

Нұр-Сұлтанда тағы бір көшенің қозғалысы жартылай жабылды

жОЛДЫ ЖӨНДЕЙТІН КӨЛІКТЕР
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Елордада жол жөндеу жұмыстарына орай, тағы бір көшенің қозғалысы жартылай жабылды. Бұл жолы көліктер Жангелдин көшесінің белгілі бөлігімен уақытша жүре алмайтын болады деп жазады KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жангелдин көшесінде Бейсекова көшесінен Күмісбеков көшесінен дейінгі учаске құрылысы» жобасы аясында құрылысы жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты 2-5 қазан аралығында 187 (Жангелдин) көшесінде Бейсекова көшесінен дарынды қыз балаларға арналған мектеп-интернатқа дейінгі учаскеде көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз бағдарын алдын-ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз» , – делінген Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

Айта кету керек, бүгінде елорда аумағында ірі жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін бірнеше көшенің қозғалысы тоқтатылған болатын.

Оған қоса, күні кеше Нұр-Сұлтанда қарттар күнінде концерттік бағдарламасы бар автобус қала көшелерін аралап шықты.

Елордалық ардагерлер кеңесі, Нұр-Сұлтан әкімдігі және филармония әртістері егде жастағы қарияларға музыкалық құттықтаулар ұйымдастырып, ерекше көңіл-күй сыйлады. Шығармашылық топ басты шаһардың сегіз ауданында болып қайтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877461-nr-sltanda-tagy-bir-kseni-kozgalysy-zartylaj-zabyldy.html