RU

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Фото
Фото: instagram.com/gggboxing

ESPN Deporters IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 20 қарашада өтетінін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

38 жастағы қазақстандық боксшы IBF сызығындағы міндетті қарсыласы, 30 жастағы польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) кездеседі.

Айта кетейік, қазақстандық көрермендер үшін жекпе-жек сенбі, 21 қарашада өтпек.

Бұған дейін Головкин - Шеремета айқасы 21 қараша күні болады деп БАҚ беттерінде жарияланған еді (Қазақстанда 22 қарашада).

Жекпе-жек Лос-Анджелестің маңындағы Карсон қаласында өтеді деп күтілуде.

Еске сала кетсек, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының қатарына енгенін хабарладық.

Marca басылымы XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының тізімін жасап, жария етті. Отандасымыз Геннадий Головкинге аталмыш рейтингіде 77 орын бұйырыпты.

Қазақстандық боксшы тізімде футболшы Лука Модрич, теннисші Стэн Вавринка, футзалшы Фалькао және боксшы Владимир Кличконы артта қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877463-golovkinni-kelesi-zekpe-zegi-kasan-tetini-belgili-boldy.html