RU

"Қырылып жатыр": Қытайда бес мыңға жуық өлі ит пен мысық табылды

Қытайда үй жануарлары қырылуда
Фото: pixabay.com

Қытай орталығында орналасқан Хэнань провинциясының логистикалық бекетінде жақында жәшіктер ішінен бес мыңға жуық өлі ит пен мысық табылды. Олардың басым бөлігі буындырып өлтірілген болып шықты. Арасында аштық пен ыстыққа шыдамай көз жұмғандар да болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қытайда мыңдаған өлі үй жануарлары анықталғаны туралы zakon.kz сайты Global Times басылыымна сілтеме жасап хабарлады.

Белгілі болғандай, қояндар, теңіз шошқалары, мысықтар мен иттерді қыркүйектің басында өткізген. Еріктілердің мәліметтеріне сәйкес, жануарлардың басым бөлігі дәл 22 қыркүйек күні өлген. Ол кезде жануарларды қорғау ұйымының 20 шақты мүшесі аталмыш бекетке аттанып, оларды құтқармақ болды.

"Біз шамамен, 50 ит пен мысықты, 200 қоянды құтқарып үлгердік. Бірақ, бұл жалпы санның тек бес пайызы ғана еді" , - деді еріктілердің бірі.

Оның сөзінше, олардың басым бөлігі ыстық пен аштықтан және буындыру салдарынан өлген. Өлі жануарлардан кейін бекетте өткір иіс пайда болған. Өлі денелерді ауыл шаруашылық алқаптарына жерледі.

Болжамға сәйкес, жануарларды Аньхой шығыс-қытай провинциясындағы фермадан үш жүк көлігімен тасымалдаған. Оларды Хэнаньдағы логистикалық бекетке 17 қыркүйек күні жеткізді. Кейін Лохэдегі өзге бекетке көшірмек болды.

Үй жануарларын мемлекеттің түк-түкпіріне сатып алушыларға жеткізуге тиіс болған.

Ит пен мысықтар табылған жәшіктердің сыртындағы құжаттарға сәйкес, олардың Yunda деп аталатын экспресс-жеткізу қызметімен тасымалданғаны белгілі боолды. Алайда, аталмыш компанияның екі қызметкері бұл оқиға жайында естімегендерін хабарлағанымен, сыртында тесіктері бар жәшіктермен жануарларды тасымалдауға мекеме эксперсс-жеткізу қызметін ұсынатынын растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877468-kyrylyp-zatyr-kytajda-bes-myga-zuyk-li-it-pen-mysyk-tabyldy.html