RU

Дәрігер коронавирус жұқтырған Трамптың жағдайын айтты

АҚШ
Фото: peopletalk.ru

Ақ үй дәрігері Шон Конли коронавирус жұқтырған АҚШ президенті Дональд Трамптың жағдайы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Трамп вирусқа қарсы "ем қабылдау кезінде өз міндеттерін үзіліссіз орындайтын болады" дейді ол.

"Қазіргі уақытта президент пен бірінші ханым өздерін жақсы сезінуде. Олар ем алу кезінде Ақ үйде қалуды жоспарлап отыр", - деді дәрігер.

Ол Ақ үйдің медициналық тобы Трамптың денсаулығын барынша бақылайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Трамп Twitter-де коронавирусқа тапсырған тестінің оң нәтиже бергенін хабарлаған еді. Ол дереу емделу үшін карантинге жататынын мәлімдеді.

Бұған дейін Дональд Трамптың кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін АҚШ басшысы карантинге жатқызылған. Ол коронавирус сынамасының нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген еді.

Естеріңізге сала кетейік, америкалықтар дебат басталмай тұрып Дональд Трампты жеңіспен құттықтап қойған "Қазақстан үкіметіне" таң болды. Кейін бұл құттықтауды шын мәнінде Қазақстан үкіметі емес, "Борат" фильмінің актері жолдағаны анықталған.

Ал Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында коронавирусты "қытайлық вирус" деп атаған еді.

Ол уақытының бір бөлігін Қытайға шабуыл жасау үшін пайдаланып, коронавирусты "қытайлық вирус" деп атады және БҰҰ-ны пандемия үшін Пекинді жауапқа тартуға шақырды. Ол Пекинді "ұшақтардың Қытайдан ұшуына жол беріп, әлемге жұқтырды" және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "іс жүзінде бақылауда ұстады" деп айыптады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877490-driger-koronavirus-zktyrgan-trampty-zagdajyn-ajtty.html