Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсінбейтін адамдар": Сәбит Әбдіхалықовтың күйзеліске түскені рас па

Опубликовано:

Сәбит Әбдіхалықов сахнада
Фото: Instagram/sabit_abdykalykov

Отандық танымал актер Сәбит Әбдіхалықов кезекті жазбасымен желідегі оқырмандарын алаңдатып қойды. Өнер иесі соңғы кезде мұңға толы мәтіндер жариялап жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары үшінші рет үйленген актердің жазбаларына сүйене отырып, оның мұнайып жүргенін топшылады.

Әбдіхалықов Instagram парақшасында күні кеше күйзеліс тақырыбын қозғаған. Өнер иесі әйгілі Эйнштейннің айтқан нақылымен бөліскен.

"Стресстің ең үлкен себебі, күнделікті өміріңізде түсінбейтін адамдармен болған пікірталастар" , - деген жазбаны жариялады.

Актердің оқырмандары бірден оның парақшасында қызу талқы ұйымастырып, оған алаңдаушылық білдірді. Кейбір желідегілер актердің тәрбиелік мән бар дүниелермен бөлісіп жүргеніне тәнті болған.

"Дұрыс айтылған" , "Жарайсыз үнемі ақылды нәрсені салып тұрасыз" , "Өзіңіз күйзеліске түсіп қалмадыңыз ба?" , "Сізге алаңдап отырмыз" , "Күйзеліс тақырыбын не себепті қозғады екен. Бекер емес" , "Дәл айтқан" , " Стресс бірін бірі түсінбегеннен емес, стресс кім бастық болғысы келеді, болмаса бастық сымақтардан болмай ма" , - деп жазды көпшілік.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сәбит Әбдіхалықов аса ерекше жазбасымен елді таңғалдырған болатын. Ол әйелдердің бір-бірінің алдындағы артықшылықтары тақырыбын қозғап, оған сәйкес Тқле бидің нақыл сөзін келтірген болатын. Ол кезде де актер ел арасындағы қызу талқыға себепкер болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1877503-tsinbejtin-adamdar-sbit-bdihalykovty-kjzeliske-tskeni-ras-pa/

pixel