RU

Шымкентте үш баланы өлтірген дезинсектор сотталды

Фото
Көрнекі: pixabay.com

Шымкентте үш баланың өліміне кінәлі деп айыпталған дезинсекторға сот үкімі шықты. Зиянкестерді улаймын деп балақайларды бақилық қылған азамат енді 5 жылын темір торда өткізетін болды. Жеңіл жазаны судья сотталушының кәмелетке толмаған балалары мен қылмысты абайсызда жасағанын ескеріп тағайындаған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Еңбекші аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтановтың айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеруде жинақталған құжаттардың, дәлелдердің жиынтығымен кінәсі толық дәлелденген.

"Нәтижесінде үш жасөспірім баланың қаза болғанын, кінәсін мойындамағанын, өз әрекетіне өкінбегені, жәбірленушілер кешірім бермегенін ескеріп, бұл екінші эпизоды бойынша, кешірім беріп отырған жоқ, тек бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып отыр", - деді ол.

Айта кетейік, қайғылы қос жағдайдың біріншісі өткен жылы қазан айының соңында болған.

Жатақханадағы жәндіктерді улап кеткен соң, сол жердегі тұрғындар ауруханаға түсіп, 4 жастағы бала мен 11 айлық нәресте көз жұмған.

Үш айдан кейін өзге көпқабатты үйде дәл осы дезинсектордың жұмысынан кейін бір 8 айлық сәби қайтыс болды.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, екі баласынан айрылған отбасына сотталушы 5 миллион теңге моральдық шығын ретінде өтемақы беруі тиіс.

Нәрестесінен айырылған екінші отбасы сотталушыға кешірім беріпті.

Ал дезинсектордың өзі судья айтқандай, кінәсін мойындаған жоқ. Сот үкімімен оның жақындары да келіспей отыр.

Айытпалушының әйелі Салтанат Жаңабаева шешімге байланысты өз ойын ашық жеткізді.

"Ол жақта біз бейсенбі күні дезинфекция жасадық. Сенбіде олар ішіне кірген. Ал бұлар жексенбіде уланды. Ішіндегі адам уланбағанда, сыртындағы адам қай жақтан уланады? Ол жақта денесінен бір химия табылған жоқ",

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877516-symkentte-s-balany-ltirgen-dezinsektor-sottaldy.html