RU

Қазақстанда 9 әкім қарамағындағы жемқор қызметкерлер үшін отставкаға өтініш берген

Бастық1
Көрнекі фото: piqsels.com

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанда басшылардың отставка институты мен бағыныштылардың сыбайлас жемқорлыққа жауаптылығы қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы айтып берді және нақты цифрларды атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ағымдағы жылдың 9 айында аудандық және облыстық деңгейдегі тоғыз әкім жұмыстан кетуге өтініш берді, 6 адам жұмыстан шығарылды.

Алайда, бәрінің өтініштеріне қол қойылмады. Осылайша, Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов пен Алматы облысы Панфилов ауданының басшысы Талғат Умралиевтің отставкалары қабылданбады.

Бірақ облыс әкімдерінің бұйрығымен оларға сөгіс жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі атап өткендей, Сәтбаев қаласының әкімі қызметінен кетпеуі мүмкін еді, өйткені оның қарамағындағылар заңға өзгертулер енгізілгенге дейін (2019 жылғы 10 желтоқсан) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған.

Қазіргі уақытта Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаевтың тағы бір өтініші қаралуда. Мәселе мынада, 8 қыркүйекте оның орынбасары Тәжібаевқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 32 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Оның ішінде 5-і жұмыстан қуылды, 8-і қызметінен босатылды, 3-іне қызметтік сәйкестігі толық емес екені туралы ескерту жасалды, 9-на қатаң сөгіс, 5-іне сөгіс, 2-іне ескерту берілді.

Еске салсақ, күні кеше Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен кеткен болатын.

Бұған дейін ол өзі қызметінен кету туралы өтініш жазған. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі оның кету себебін атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877526-kazakstanda-9-kim-karamagyndagy-zemkor-kyzmetkerler-sin-otstavkaga-tinis-bergen.html