Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар аралас жаңбыр: Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі фото: news.myseldon.com

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді, соған сай күн суытады, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

"4 қазанда солтүстік-батыс, солтүстік аймақта, бесінші қазанда Қазақстанның орталығы мен шығысы циклон жырасының ықпалында болады. Бұл циклонның орталығы Таймыр түбегінің үстінде орналасқан. Ол арты қарға ұласатын жаңбыр әкеледі. Еліміздің қалған аумағы Баренц теңізі аудандарынан келетін кең антициклонның ықпалында болады", – деп хабарлады мамандар.

Қазгидромет мәліметтері бойынша, республика бойынша ауа температурасы біртіндеп төмендеп, кей жерлерде тұман, жел күшейеді. Солтүстікте, орталықта және шығыста көктайғақ болып, төмен бұрқасын болады.

Ал қазанның басында ауа райы жылы болады, 10 қазаннан кейін еліміздің барлық аумағында ауа температурасы төмендейді.

Еске салсақ, қазан айының басында елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді. Ай басында елдің солтүстігінде жаңбыр жауады, ал оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болады деген болжам бар.

Айта кетейік, биылғы жылы еліміздің екі қаласында жылу уақытынан ерте берілді.

Осыған орай Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақыраған.

Сондай-ақ оңтүстік астанада биыл жылу беру маусымы уақытынан бұрын басталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877542-kar-aralas-zabyr-demalys-knderi-elimizde-aua-rajy-kandaj-bolady/

pixel