Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің үздік мұғалімдеріне 2,7 млн теңге табысталды

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда мұғалімдер күні қарсаңында үздік ұстаздар марапатталды. "Үздік педагог" атанған 64 мұғалімге төсбелгі мен 2 778 000 теңге сыйақы табысталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бүгін елордада мұғалімдер күні қарсаңында білім және ғылым министрінің қатысуымен салтанатты шара өтті. Мерекелік жиын барысында республикалық "Үздік педагог-2020" байқауының жеңімпаздары марапатталды.

"Ең басты мамандық, ол әрине, ұстаз. Өйткені ұстаз барлық мамандарды тәрбиелейді, бәріне білім береді. Бүгінгі күні елімізде ұстаздардың мәртебесін көтеру бойынша үлкен шаралар іске асырылуда. Қазіргі кезде ел президенті білім саласын ерекше назарға алып, өз жолдауында да осы мәселеге үлкен көңіл бөлді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсті. Жалпы бір-екі жылдың ішінде әріптестеріміздің айлығын екі есеге өсіру туралы тапсырма бар. Сол тапсырманы біз орындап жатырмыз", - деді Асхат Аймағамбетов өз құттықтауында.

Байқау жеңімпаздарына "Үздік педагог" төсбелгісі мен 2 778 000 теңге (1000 айлық есептік көрсеткіш) ақшалай сыйақы табыс етілді. Министр мерекелік шара бүгін республиканың барлық өңірінде өткенін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифинг барысында қашықтан оқыту туралы сөз қозғап, дәстүрлі форматқа ауысудың мерзімі туралы айтқан болатын.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы брифинг барысында оқушыларды қашықтықтан оқыта беруді жалғастыруды ұсынған еді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877553-elimizdi-zdik-mgalimderine-27-mln-tege-tabystaldy/

pixel