RU

Алматы автобустарының 70 жүргізушісі жұмыстан не үшін шығарылды

Автобус1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының Мобильділік басқармасы қоғамдық көліктердің 70 жүргізушісі жұмыстан қандай себеппен шығарылғанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қалалық мобильділік басқармасынан атап өткендей, 5 311 жүргізуші Алматы қаласы бойынша қоғамдық көлік жүргізушілерінің бірыңғай мәліметтер базасының тізіміне енгізілді. Бүгінде оның 3693-і нақты жұмыс істейді.

"Қара тізімде" 124 жүргізуші бар. 2020 жылдың сегіз айында 559 заң бұзушылық тіркелген, 70 жүргізуші жұмыстан шығарылды", – деп хабарлады басқармадан.

Қоғамдық көлік жүргізушілері көбіне жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзғаны үшін жұмыстан шығарылады.

"Атап айтсақ, жол қозғалысына кедергі келтіргені үшін, бірнеше рет жол-көлік апатын жасағаны үшін, аялдамада себепсіз ұзақ уақыт тоқтап тұрғаны үшін, сондай-ақ "Onai" құрылғысын жүйеден рұқсатсыз ажыратып, жолаушыларға билет бермегені үшін және қоғамдық көліктегі адамдарға дөрекілік танытқаны үшін, автобуста бірнеше рет темекі шеккені үшін жұмыстан босатылады", – деп жауап берді Алматы қалалық Мобильділік басқармасынан.

Еске салсақ, күні кеше Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен кеткен болатын. Бұған дейін ол өзі қызметінен кету туралы өтініш жазған. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі оның кету себебін атады.

Оған қоса, Қазақстанда басшылардың отставка институты мен бағыныштылардың сыбайлас жемқорлыққа жауаптылығы қалай жүзеге асырылып жатқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877572-almaty-avtobustaryny-70-zrgizusisi-zmystan-ne-sin-sygaryldy.html