RU

Алматылық полицей жанып жатқан үйден зейнеткерді алып шықты (видео)

өрт
Видеодан алынған кадр: polisia.kz

Алматыда полиция қызметкері жанып жатқан үйге кіріп, зейнеткерді алып шықты. Өрт кезінде үйде 71 жастағы қария, оның 33 жастағы өгей баласы мен 15 жастағы немересі болғаны анықталды. Өкінішке қарай, жасөспірім мен тағы бір ер адамды құтқару мүмкін болмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт түнгі үш шамасында Лазарев көшесіндегі жеке үйден шыққан. Өрт кезінде үйде адамдар болыпты. Бірінші болып көршілер дабыл қаққан.

"Біз оянып кеттік, өрт болып жатыр екен. Полиция қызметкері қақпаны қағып, бәрімізді оятты. Біз сонымен бірге ауланы айналып жүгірдік. Көршілерге баруға тырысты, үйдің терезелерін сындырды. Ер адамды алып шықты", – дейді оқиға куәгері.

Әуезов аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Бектемір Қауынбаев Лазарев көшесімен келе жатып, 79-үйдің шатыры өртеніп жатқанын көріп қалған.

"Алдымен жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын оятып, оларды топтастырып, қауіпсіз қашықтықта тұруын сұрадым. Көршінің ауласы арқылы жанып тұрған үйдің ауласына кірдім. Үйдің терезесін сындырып, атаны шығарып алдым. Оны "жедел жәрдем" қызметкерлеріне тапсырдым. Өрт толық оқшауланғанға дейін өзім сол жерде болдым", – деді Қауынбаев.

Қазіргі уақытта зейнеткердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Тараз қаласында тұрғын үй өртке оранып, соның салдарынан екі және үш жастағы балалар қаза тапқан еді.

Болжам бойынша өлім – өрт нәтижесінде иіс газынан уланудан болған. Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 292 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған (екі және одан да көп адамның өліміне апарған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877584-almatylyk-policej-zanyp-zatkan-jden-zejnetkerdi-alyp-sykty-video.html