RU

Демалыс күндері Алматы мен Нұр-Сұлтанда автобустар қалай жұмыс істейді

Автобус1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктер алдағы жексенбіде тағы жұмыс істемейді. Алматыда осы демалыс күндері автобустар қалыпты режимде жолға шығады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордадағы қоғамдық көліктер демалыс күндерінің бірінде, яғни алдағы жексенбі, 4 қазанда жұмыс істемейді. Бұл күні дезинфекция жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды CTS өзінің Instagram-дағы аккаунтында.

Сенбіде қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істейді, дүйсенбіден бастап барлық қалалық және қала маңындағы маршруттар қайтадан желіге қосылады.

Сенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы қалыпты болады. ⠀ Дүйсенбі күні, 5 қазанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан қатынайды. ⠀ Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы көліктік карта, SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы төленеді.

Айта кеткен жөн, Алматы қаласының Мобильділік басқармасы қоғамдық көліктердің 70 жүргізушісі жұмыстан қандай себеппен шығарылғанын түсіндірді.

Қалалық мобильділік басқармасынан атап өткендей, 5 311 жүргізуші Алматы қаласы бойынша қоғамдық көлік жүргізушілерінің бірыңғай мәліметтер базасының тізіміне енгізілді. Бүгінде оның 3693-і нақты жұмыс істейді.

Сондай-ақ, алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жазған едік. Қазгидромет мәліметтері бойынша, республика бойынша ауа температурасы біртіндеп төмендеп, кей жерлерде тұман, жел күшейеді. Солтүстікте, орталықта және шығыста көктайғақ болып, төмен бұрқасын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877586-demalys-knderi-almaty-men-nr-sltanda-avtobustar-kalaj-zmys-istejdi.html