Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

27 млн теңге жымқырған: ШҚО-да балабақша меңгерушісі мен бухгалтеріне үкім шықты

Опубликовано:

сот
Көрнекі фото: jasqazaq.kz

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында 27 млн теңге жымқырған мемлекеттік бөбекжай-бақшаның меңгерушісі мен бухгалтеріне сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында белгілі болды.

«2020 жылдың 21 қыркүйегінде оларға Алтай ауданының №2 соты үкімі шықты. Атап айтқанда Алтай ауданы әкімдігінің «Жасмин» бөбекжай-бақшасы» МКҚК меңгерушісі О.Н. Целовальникова 7 жыл 6 айға бас бостандығынан, ал аталған мекеменің бухгалтері Е.В. Потерина 7 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Агенттік өкілінің айтуынша, олар бұған дейін өздерінің банктегі карта шоттарына негізсіз аудару және жеке кәсіпкер арқылы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру жолымен мекеменің 27 699 779 теңге қаражатын жымқырды деп күдіктелген.

Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі "Astana LRT" ісі бойынша ауқымды тергеуге қатысты жаңа мәліметтерді хабарлаған еді. Тергеу жобадағы миллиардтаған ұрлықты ашып, іс бойынша күдікті деп танылған бес адамды қамауға алды.

Сондай-ақ, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде Нұр-Сұлтандағы жерүсті метросының құрылысына қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877588-27-mln-tege-zymkyrgan-sko-da-balabaksa-megerusisi-men-buhgalterine-kim-sykty/

pixel