RU

Нұр-Сұлтанда интимді қызмет көрсеткен массаж салондары әшкере болды (видео)

Боди1
Видеодағы кадр: polisia.kz

Елордада полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін, сондай-ақ боди-массаж қызметі бар мекемелерді анықтау мақсатында рейдтер жүргізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Рейд кезінде екі коттеджде орналасқан "Резидент" және "Thai Boss" деп аталатын массаж салондары анықталды. Белгілі болғандай, салондарда интимдік қызметпен қатар боди массаж қызметтері де көрсетілген.

Тәртіп сақшылары 14 қыз, сонымен қатар салон әкімшісін ұстады. Олар бөлімшеге жеткізілген.

Қыздардың барлығы ақша табу үшін әртүрлі қалалардан Нұр-Сұлтанға келгені атап өтіледі. Олар Әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Салондардың заңсыз қызметі тоқтатылды.

Еске салсақ, Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды жойды.

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері республика көлемінде жүргізілген “Стоп-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақсукент ауылында орналасқан демалыс орындарының бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтаған.

Оған қоса, Қазақстанда интимді қызмет көрсететін ер адамдар саны көбейгенін жазған едік. Сарапшылар мұны коронавирус пандеммиямен байланыстырды.

Айта кетсек, Ақтөбе облысында полицейлер 15 жезөкшені қолға түсіргенін хабарладық.

Сондай-ақ, бұған дейін Алматы қаласында массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877590-nr-sltanda-intimdi-kyzmetteri-bar-massaz-salonyny-zmysy-skere-boldy-video.html