Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстан облысына барып жұмыс істейтін дәрігерлерге үстемақы беріледі

Опубликовано:

СКО
Фото: Хабар 24

Солтүстік Қазақстан облысына медицина саласының мамандары жетіспейді. Өңірге 210 дәрігер қажет. 140 маман қалаға керек болса, қалған 70-і ауылдық жерлерге қажет деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Аталған мәселені оңтайлы шешу үшін облыстық бюджеттен әлеуметтік жәрдемақы қарастырылып отыр. Бұдан былай ауылдан бөлек қалаға да жұмыс істеуге келген дәрігерлерге 1,5 миллион теңге көлемінде үстемақы беріледі. Мұнымен қоса баспанамен қамтамасыз етуге де көмектеседі. 

"Соңғы кездері бес жылдай болды осы кадр тапшылығы өсе бастады. Оның себептері біріншіден бұрынғыдай романтизм жоқ қазір. Екіншіден пристижы түсіп жатыр. Үшінші себебі ол дәрігердің жалақысы көп емес. Соған қарап, осындай стимул жасап жатыр",- дейді Қабдырахман Сақтағанов.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктер алдағы жексенбіде тағы жұмыс істемейді. Алматыда осы демалыс күндері автобустар қалыпты режимде жолға шығады.

Елордадағы қоғамдық көліктер демалыс күндерінің бірінде, яғни алдағы жексенбі, 4 қазанда жұмыс істемейді. Бұл күні дезинфекция жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды CTS өзінің Instagram-дағы аккаунтында.

Сенбіде қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істейді, дүйсенбіден бастап барлық қалалық және қала маңындағы маршруттар қайтадан желіге қосылады.

Сенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы қалыпты болады. Дүйсенбі күні, 5 қазанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан қатынайды.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы көліктік карта, SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы төленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877598-soltstik-kazakstan-oblysyna-baryp-zmys-istejtin-drigerlerge-stemaky-beriledi/

pixel