Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері қызметінен кетті

Опубликовано:

Қарағанды сандәрігері
Фото: ortalyq.kz

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Қанат Асқаров қызметінен кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі Қанат Асқаровтың өз еркімен қызметінен кеткенін мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, Асқаров Қанат Қырғызбайұлы денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен қызметінен кетті",- деді департаментте.

Айта кетейік, Қанат Асқаров Қарағанды облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы қызметіне өткен жылдың қараша айында келген. Бұған дейін ол Сарань қаласының орталық аурухана директоры қызметінде болған. Ведомство аталған қызметке кім тағайындалатынын хабарлаған жоқ.

Айта кетейік, Telegram-да мүлік пен жерге "салық төлеуді ұмытып кеткен" қазақстандық әкімдердің тізімі жарияланды. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі пайда болған ақпаратқа түсініктеме берді.

Үш әкімнен тұратын тізім PROTENGE Telegram арнасында жарияланды. Хабарламада Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің "жер мен мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеуді ұмытқаны" көрсетілген.

Атап айтқанда, Мұрат Әйтеновтің 39 194 теңге, Бердібек Сапарбаевтың 5 950 теңге, ал Өмірзақ Шөкеевтің 33 935 теңге қарыз екендігі жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877601-karagandy-oblysyny-bas-sanitar-drigeri-kyzmetinen-ketti/

pixel