RU

Коронавирус пен пневмонияға қатысты соңғы мәлімет жарияланды

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Соңғы бір тәулік ішінде Қазақстанда тағы 62 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Сoronavirus2020 ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлер бойынша мәлімет:

Нұр-Сұлтан қаласында – 3,

Алматы қаласында – 2,

Шымкент қаласында – 1,

Ақмола облысында – 3,

Ақтөбе облысы – 1,

Алматы облысында – 3,

Атырау облысында – 2,

Шығыс Қазақстан облысында – 18,

Батыс Қазақстан облысында – 2,

Қарағанды облысында – 6,

Қостанай облысында – 2,

Қызылорда облысында – 1,

Павлодар облысында – 4,

Солтүстік Қазақстан облысында – 13,

Түркістан облысында – 1 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 108 106-ға жетіп отыр.

Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан 1 адам көз жұмған. Тағы 166 адам осы дертке шалдығып, 53 науқас емделіп шығыпты.

Айта кетерлігі, 1 тамковидтік пневмония бойынша 1 тамыздан бастап 33 378 адам ауырып, 358 науқас көз жұмған. Ал жазылып шыққандар саны 27 390-ға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877610-koronavirus-pen-pnevmoniaga-katysty-sogy-mlimet-zarialandy.html