RU

Мешіттерде ұрлық жасаған өзбек азаматы 7 жылға сотталып кетті

түрме
Көрнекі фото: elgezit.kg

Өзбекстанның түрлі облыстарындағы мешіттерде ұрлық жасаған ер азамат жеті жылға сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сentralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұры Қашқадария облысындағы Карши қаласындағы мешітте ұрлық жасау кезінде ұсталған.

Әндіжан тұрғыны Х.К. 2019 жылы жазда Ташкент, Самарқанд, Жизақ және Ферғана облыстарындағы мешіттерде адамдардың ұялы телефондарын, әмиянын және құжаттарын ұрлағанболып шыты.

Тергеу барысында Х.К.-нің бұған дейін бес жылға сотталғаны мәлім болды.

Карши қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты ұрыны жеті жылға соттады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Талдықорғанда аса қауіпті рецидивист ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Бірнеше мәрте ұрлық жасады деген күдікке ілінген 54 жастағы тұрғын бұрын он рет сотталған болып шықты.

Осы жылдың сәуір айынан бастап жеке үйлерде бірнеше рет ұрлық жасалған. Оңай олжаға дәніккен азамат үй иелері кеткен сәтті күтіп, түрлі жолдармен үйге кірген екен. Ұрланған мүліктің ішінде әртүрлі тұрмыстық техника, азық-түлік және велосипед сияқты түрлі заттар бар.

Сондай-ақ, Жезқазғанда дүкен кассасынан 11 мың теңгені қолды қылған күдікті азаматтың ұсталғаны жайлы да хабарланды.

Полиция ұрыны бейнебақылау камераларынан анықтаған. Ол 33 жастағы ер адам болып шықты.

Күдікті ішкі істер органдарында мүліктік қылмыстар жасауға бейім адам ретінде тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877619-mesitterde-rlyk-zasagan-zbek-azamaty-7-zylga-sottalyp-ketti.html