RU

"Бір апта жатып қалдым": Танымал тележүргізуші өзін аяққа тұрғызған адамға алғыс айтты

Мақсат Толықбай
Мақсат Толықбай. Фото: instagram.com/maksattolykbai

Танымал тележүргізуші Мақсат Толықбай грыжа салдарынан бір апта бойы төсек тартып, жүре алмай қалған кездерін еске алды. Журналист өзін аяққа тұрғызып, құлан-таза айықтырған маманға алғысын жаудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екі жыл бұрын грыжадан бір апта бойы төсек тартып жатып қалғанымда, Ерлан Төреев ағамыз 10 минутта аттай қылған. Бірақ бұл кісіде аяушылық сезім жоқ. Массажына шыдау мүмкін емес. Көзіңнен жас парлап, жан керек болса өзіңнен өзің атып тұрасың. Құдайға шүкір, бел тәуір", - деп жазады Мақсат Толықбай.

Сондай-ақ, белгілі тележурналист Ерқанат Көпжасар да сынықшы әрі уролог Ерлан Төреевтің біліктілігіне риза болды.

"Менің мұрынымды үш рет орнына қойған азамат", - деп жазды Ерқанат.

Айта кетелік, Ерлан Төреев 5 жасынан бастап сынықшылыққа ден қойған. Бүгінде оның бұл салада жүргеніне 30 жылдан асып кетті. Ата-бабасынан қонған сынықшылық қасиеті арқылы Ерлан мырза сырқатқа ұшыраған талай жанды аман алып қалған. Бүгінде ол Алматы қаласында ашылған «Аламан» емдеу орталығында науқастарды қабылдап, қызмет етіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877632-bir-apta-zatyp-kaldym-tanymal-telezrgizusi-zin-aakka-trgyzgan-adamga-algys-ajtty.html