Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы
Бақытжан Жолдасбекұлы. Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қалалық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы тағайындалған.

  • Бақытжан Жолдасбекұлы 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша дәрігер-травматолог.

Еңбек жолын Шымкент қаласындағы мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінің аға мейіргері болып бастаған. Кейін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқытушы, Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының жедел жәрдем дәрігері, «Дәрігер Орынбаев» медициналық орталығында бөлім меңгерушісі, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, бас дәрігері болып еңбек еткен.

2018 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін «Медикер ЮК» медициналық орталығының бас директоры қызметін атқарып келген.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Қанат Асқаровтың қызметінен кеткені туралы хабарлаған едік.

Қарағанды облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі Қанат Асқаровтың өз еркімен қызметінен кеткенін мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, Асқаров Қанат Қырғызбайұлы денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен қызметінен кетті",- деді департаментте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877639-symkentti-densaulyk-saktau-baskarmasyna-zaa-bassy-tagajyndaldy/

pixel