Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өкінішпен қабылдадым": Нұрсұлтан Назарбаев Трампқа жеделхат жолдады

Опубликовано:

елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото мұрағаттан: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының президентіне жеделхат жолдады. Елбасы Дональд Трамп пен оның жұбайы Мелания Трамптың коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сіздің және Бірінші ханым Мелания Трамптың коронавирус індетіне байланысты тапсырған тестінің оң нәтиже көрсеткені туралы хабарды өкініш сезімімен қабылдадым.

Өзіңізді күш-қуаты мол, жігерлі әрі сынақтарды үнемі жеңіл еңсеретін тұлға ретінде білемін. Осы дерттен тезірек сауығып, Америка халқының өркендеуіне бағытталған жауапты қызметіңізге оралуыңызды тілеймін.

Бүгінгі таңда біздің елдеріміз бен бүкіл халықаралық қоғамдастық күрделі кезеңді бастан өткеруде, жақын болашақта өзара қолдау мен түсіністік негізінде пандемияны жеңіп, еш кідіріссіз даму жолына қайта оралатынымызға кәміл сенемін.

Сізге және отбасыңызға осы науқастан жедел әрі толық жазылып шығуларыңызға тілектестігімді білдіремін. Бұл жағдайды өз басымнан өткізген адам ретінде Сіздерді дәрігерлердің ақыл-кеңесін ұстанып, айтқанын орындауға шақырамын», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, осыған дейін Америка Құрама Штаттарының президентінің коронавирус инфекциясын жұқтырғанын жазған едік.

Бұл туралы Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Оның сөзінше, өзі және жары Мелания да коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Бұл хабар жария етілген соң Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ басшысы Дональд Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877640-kinispen-kabyldadym-nrsltan-nazarbaev-trampka-zedelhat-zoldady/

pixel