RU

Пандемия: Қазақстан ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктерді елге кіргізбейді

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

6 қазаннан бастап Қазақстанға шетелден келетін жолаушылардан ПТР анықтамасы талап етіледі. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жолаушыларда Қазақстан шекарасынан өтетін сәтке дейінгі үш тәуліктік мерзімі бар ПТР анықтамасы болуы қажет.

«6 қазаннан бастап, шетелден әуе рейсімен келетін шетелдік азаматтар COVID-19 тестінің теріс нәтижесі туралы ПТР анықтамасыз кіргізілмейді. Анықтама шекараға дейінгі 72 сағат ішінде жасалуы тиіс», - дейді Сәдуақас Байғабылов.

Халықаралық рейспен келген Қазақстан азаматтарына келсек, тиісті мерзімі көрсетілген анықтамасы жоқ жолаушылар ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өту үшін екі тәулікке карантиндік стационарға жатқызылады.

«Бұл талаптар Қазақстанмен әуе рейсі қайта ашылған барлық елдерге қатысты. Бұған дейінгі елдерді санатқа бөлу қарастырылған жоқ», - деді ол.

Спикердің айтуынша, дәл осындай шектеу шаралары Қазақстанның мемлекеттік шекарасын теміржол, теңіз, өзендік көлікте және автожолдар арқылы кесіп өтетін барлық тұлғаларға қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877642-pandemia-kazakstan-ptr-anyktamasy-zok-seteldikterdi-elge-kirgizbejdi.html